Басты бет › Оқиғаға себепкер болмау

Оқиғаға себепкер болмау

Оқиғаға себепкер болмау Оқиғаға себепкер болмау Оқиғаға себепкер болмау Оқиғаға себепкер болмау

Инженерлік-техникалық орталықта кибергигиена мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті. ИТО Ситуациялық орталығы басқармасының мамандары қызметкерлерге киберқауіптерді қалай тануға және ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына жол бермеуге болатынын еске салды.

Іс-шара барысында спикерлер корпоративтік ақпараттық жүйелермен, электрондық поштамен, интернет-ресурстармен және қызметтік деректермен жұмыс істеу ережелері туралы айтып берді. Қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының туындауының типтік сценарийлері көрсетіліп, күдікті белсенділікті уақтылы анықтау және ықтимал қауіп туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау әрбір қызметкердің ортақ жауапкершілігі екеніне ерекше назар аударылды. Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде мұқият болу, белгіленген ережелерді сақтау және күдікті оқиғалар туралы мамандарға уақтылы хабарлау ұйымның ақпараттық инфрақұрылымына төнетін тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Биыл бұл қызметкерлердің кибергигиенасына арналған екінші іс-шара. 2025 жылы Ситуациялық орталық басқармасы киберқауіпсіздік мәселелері бойынша екі оқыту іс-шарасын ұйымдастырды, оның ішінде ЦАРКА-мен бірлесіп өткізілген іс-шара да бар.