Басты бет › ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады

ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады

ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады ИТО KazHackStan 2026 конференциясына қатысады

Бүгін Астанада киберқауіпсіздік саласындағы ең ірі халықаралық конференциялардың бірі - KazHackStan 2026 басталды.

Екі күнге созылатын іс-шараға 7 елден 10 мыңға жуық қатысушы және 100-ден астам қазақстандық және шетелдік спикер қатысады. Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - Cyber Resilience, яғни кибертұрақтылық.

Бағдарламада интернет-алаяқтық, дипфейктер, дербес деректердің таралуы және жасанды интеллектке байланысты жаңа киберқауіптер талқыланып, кибершабуылдар мен олардан қорғану әдістері бойынша практикалық көрсетілімдер өтуде.

Конференция аясында 26 сағатқа созылатын CTF-жарыстары өтуде. Оған ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Ситуациялық орталық басқармасының k қызметкерлері - Дінмұхамед Өмірзақ пен Ерасыл Мәулетханов қатысуда.

Жарыс барысында қатысушылар кибершабуылдарды тойтарып, киберинциденттерді тергеп, түрлі тапсырмаларды орындауда. ️

Сонымен қатар, ИТО мамандары іс-шараға техникалық сүйемелдеу көрсетіп, оның цифрлық инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.