Басты бет › Бес елдің көшбасшылары Ақаба үдерісінің ЖИ қауіпсіздігі мәселелеріне арналған саммитіне қатысты

Бес елдің көшбасшылары Ақаба үдерісінің ЖИ қауіпсіздігі мәселелеріне арналған саммитіне қатысты

Бес елдің көшбасшылары Ақаба үдерісінің ЖИ қауіпсіздігі мәселелеріне арналған саммитіне қатысты Бес елдің көшбасшылары Ақаба үдерісінің ЖИ қауіпсіздігі мәселелеріне арналған саммитіне қатысты

Астанада Ақаба процесінің «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған саммиті өтуде.

Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.

Бұл алаң мемлекеттер мен үкімет басшыларын, арнаулы қызметтер мен әскери ведомстволардың басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Оның негізгі мақсаты — заманауи қауіп-қатерлерді бағалауда ортақ ұстаным қалыптастыру, тәжірибе алмасу және ден қоюдың келісілген практикалық шараларын әзірлеу.

Қазіргі саммит аясында жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне, оның ішінде осы технологияның дамуымен байланысты тәуекелдерді бағалауға және жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылуда.

Іс-шараның техникалық сүйемелдеуін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы қамтамасыз етеді.