Басты бет › Цифрландыру күні құтты болсын!

Цифрландыру күні құтты болсын!

Цифрландыру күні құтты болсын!

Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында халықтық цифрлық экономиканы қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетті айқындап, заманауи технологияларды енгізуді еліміздің дамуының негізгі басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі.

Бүгінде IT-мамандардың үлесі еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, технологиялық әлеуетін нығайтуда және цифрлық болашағын қалыптастыруда айрықша маңызға ие.

ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының ұжымы саланың барлық мамандарын Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге кәсіби табыс, келешегі зор жобалар мен Қазақстанның цифрлық трансформациясы жолында жаңа жетістіктер тілейміз!