Басты бет › ИТО Министрліктер Үйінің цифрлық инфрақұрылымын күшейтеді

ИТО Министрліктер Үйінің цифрлық инфрақұрылымын күшейтеді

ИТО Министрліктер Үйінің цифрлық инфрақұрылымын күшейтеді

ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының Әлсіз тоқты жүйелерге қызмет көрсету басқармасы Министрліктер үйлерінің корпустары арасында қосымша оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстарына кірісті.

Өткізу қабілеті 40 Гбит/с-қа дейін жететін жаңа арна қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның мүмкіндіктерін кеңейтіп, желінің істен шығуға төзімділігін арттырады.

Жаңа арна арқылы ғимаратта орналасқан мемлекеттік органдар серверлік тораптардың ресурстарына қол жеткізе алады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі, сондай-ақ басқа да ведомстволар бар.

Желіні тарту үшін 96 оптикалық талшық қарастырылған. Олар жабдықтарды қосуға, интернет-трафикті өткізуге, байланыстырушы желілер мен автоматтандырылған телефон станциясының (АТС) жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артуына және берілетін деректер көлемінің өсуіне байланысты. Қосымша байланыс арнасы қосылымдарды резервтеуге және ақпараттық жүйелер жұмысындағы үзілістер қаупін азайтуға мүмкіндік береді.