«ҚР ПІБ ИТО» ШЖҚ РМК – ақпарттық-коммуникациялық қызметтер нарығында жетекші компаниялардың бiрi. Компания қазіргі заманғы жоғары тиімді технологияларды енгізу жолымен ҚР ПӘ, ПІБ, ҮА, ҚР КС және басқа мемлекеттік органдарға жоғары кәсіби және сапалы ақпараттық-техникалық қызмет көрсетумен айналысады.
Компания саясаты:
1. Кәсіпқой кадрлар. Ең бағалы – біздің кадрлар. Біз әрбір қызметкерді бағалаймыз және оларда озаттық бастамаларды, инновация мен кәсіби өсуді қолдаймыз. Біз жоғары білікті және жоғары кәсіптік мамандарға қызығушылық танытамыз.
2. Сапа бақылауы. Сапа – «ҚР ПІБ ИТО» ШЖҚ РМК стратегиясының басты элементі. 2012 жылдың мамыр айында ҚР СТ ИСО 9001-2009 сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі, жұмыстарды жүргізудің әрбір кезеңінде біз ұсынатын қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Біз «Қызмет шыңында!» ұранымызға берікпіз.