
Инженерлік-техникалық орталық (ИТО) әзірлеген «Ахуалдық-талдамалық кешен» (АТК) WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауының AL C1: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы үкіметтер мен барлық мүдделі тараптардың рөлі санатында үздік 20 жобаның қатарына енді.
Қазіргі уақытта жоба 11 мен 30 сәуір аралығында өтетін ашық онлайн дауыс беруге қатысуда. Жеңімпаздар 8 шілдеде Швейцарияның Женева қаласында өтетін WSIS+20 High-Level Event халықаралық іс-шарасында жарияланады.
Биыл байқауға әлемнің түрлі елдерінен жалпы 973 өтінім қабылданды. Халықаралық сарапшылар 18 номинация бойынша әрқайсысынан 20 үздік жобаны іріктеп, нәтижесінде 360 жоба финалға өтті.
АТК — бұл жедел ақпаратты визуализациялау және басқарушылық шешімдерді қолдау үшін арналған аналитикалық жүйе. Ол ақпараттық жүйелерден деректерді жинап, өңдейді, көпөлшемді мәліметтер қоймасын қалыптастырып, негізгі көрсеткіштерді «Басшы панелінде» көрсетеді.
2022 жылдан бері АТК Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы жүйесінде сәтті жұмыс істеп келеді, ал өткен жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде де енгізіліп, тиімді түрде қолданылуда. Жүйелер өз тиімділігін дәлелдеп, басқару ашықтығы мен жұмыс сапасын арттырудың маңызды құралына айналды.
Дауыс беру 2025 жылғы 11–30 сәуір аралығында өтеді. Жеңімпаздар 2025 жылғы 8 шілдеде Швейцарияның Женева қаласында өтетін WSIS+20 High-Level Event халықаралық іс-шарасында жарияланады.
WSIS Prizes — бұл Халықаралық электрбайланыс одағы ұйымдастыратын беделді халықаралық байқау. Байқау Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік саммит аясында өткізіледі. Оның мақсаты — ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін жобаларды анықтап, қолдау көрсету.
Situational-Analytical Complex жобасына 2025 жылғы 30 сәуірге дейін https://www.itu.int/net4/wsis/stocktaking/Prizes/2025 сайтында дауыс бере аласыз: AL C1 санатын таңдап, Vote For This Project батырмасын басыңыз. Ұлттық цифрлық шешімдерді халықаралық деңгейде қолдауға атсалысыңыз және әлеуметтік желілерде #WSIS2025 хештегімен бөлісіңіз.