Басты бетЖылдың басынан бері ИТО 1700-ден астам іс-шараны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті

Жылдың басынан бері ИТО 1700-ден астам іс-шараны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті

Жылдың басынан бері ИТО 1700-ден астам іс-шараны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті Жылдың басынан бері ИТО 1700-ден астам іс-шараны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті

Инженерлік-техникалық орталық мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету бойынша өз шешуші рөлін тұрақты түрде дәлелдеп келеді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Инженерлік-техникалық орталықтың мамандары 1700-ден астам іс-шараны техникалық сүйемелдеді, оның ішінде 20-дан астам іс-шара Мемлекет басшысының қатысуымен өтті. Олардың қатарында елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды оқиғалар, Үкіметтің кеңейтілген отырыстары, халықаралық саммиттер, шетел мемлекеттері басшыларымен екіжақты келіссөздер мен жиындар бар.

Техникалық сүйемелдеу 8 ғимаратта орналасқан 80-нен астам конференц-залды қамтиды. ИТО конференц-байланыс, дыбыс күшейту, сөзді синхронды аудару, жарық және бейне жабдықтарының (оның ішінде видеоқабырғалар мен мониторлар) үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Барлық іс-шаралар заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып өткізіледі, бұл олардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді.

2025 жылдың маңызды іс-шараларының қатарында - «Орталық Азия - Италия» және «Орталық Азия - Қытай» саммиттері, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы, Ұлттық құрылтайдың отырыстары және отандық бизнес өкілдерімен кездесулер бар. Сондай-ақ Италия, Қытай, Словения, Израиль, Болгария, Словакия, Армения, Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің басшыларымен және Әбу-Дабидің тақ мұрагер ханзадасымен келіссөздер жүргізілді.

Тәуелсіздік сарайы мен Президенттік орталық алаңдарында коммерциялық негізде ENACTUS Kazakhstan, тарихшылар конгресі, халықаралық кітап көрмесі және басқа да іс-шаралар сәтті өткізілді.

ИТО мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу бойынша жоғары деңгейін сақтап, Қазақстандағы ресми және коммерциялық іс-шараларды ұйымдастыруға қомақты үлес қосып келеді.